Жаңалықтар

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сауда айналымы қаңтар-наурызда 9,1%-ға артқан

15.05.2018

2018 жылғы қаңтар-наурыздағы Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 4185,7 млн. АҚШ долларын құрап, 2017 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 9,1%-ға артты, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Осы уақыт аралығында ЕАЭО елдерінің экспорты ақшалай эквивалентпен алғанда 1328,1 млн. АҚШ доллары (8,5%-ға өсті), импорт – 2857,6 млн. АҚШ доллары (9,3%-ға өсті). 

Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымы жалпы көлемінде Ресей Федерациясына – 92,1%, Қырғызстан Республикасына – 4,3%, Беларусь Республикасына - 3,5%, Армения Республикасына – 0,1% келеді.