Жаңалықтар

Астрахандық домбырашы Ресейдегі халықаралық конкурста жеңімпаз атанды

14.05.2018

Астрахандық домбырашы Нұрсұлтан Сарыев Чебоксарадағы "Ұлттық игілік – 2018" IX халықаралық конкурсында лауреат атанды.

Жарысқа Ресейдің 20 өңірінен, сондай-ақ Германия, Таиланд, Қазақстаннан екі мыңнан астам адам қатысты.

Астрахандық домбырамен Құрманғазының күйін шертіп, "Аспаптық өнер" номинациясына қатысты. Ол өз номинациясынан 40 музыкантты басып озды.

Гнесиндер атындағы Ресей музыка академиясы Ішекті халық аспаптары кафедрасының доценті Инна Гунина бастаған қазылар алқасы астрахандық музыканттың өнеріне жоғары баға берді. Оған кубок, жеңімпаз дипломы және I дәрежедегі лауреат дипломы табыс етілді.

Нұрсұлтан Сарыев Астрахандағы көзі нашар көретін мүгедектерді әлеуметтік-мәдени сауықтыру орталығы-кітапханасының көркемөнерпаздар мүшесі.