Жаңалықтар

Омбыда қазақ мәдениеті күні өтеді

11.05.2018

13 мамырда қазақ халқының аса көрнекті өкілдері, атақты қолбасшы, батыр, ақын Қожаберген жыраудың 355 жылдығына, қазақ сал-серілерінің рухани ұстазы, ақын, композитор Сегіз Серінің 200 жылдығы мен ұлы Абайдың талантты ізбасары, жаңа қазақ əдебиетінің негізін салушылардың бірі, ақын, жазушы, публицист Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына арналған ауқымды "Той думан" атты 8-ші аймақтық мəдениет жəне спорт мерекесі өтеді.

Мереке Королев көшесі, 20 үй мекенінде орналасқан ең əдемі де көрікті паркте ұйымдастырылады. Бұл той-думанға 10 мыңға жуық қандастар қатысады.

Ұйымдастырушы: Ресейдің байырғы мəдени орталығы – қазақ мəдениетінің "Мөлдір" сібір орталығы.