Афиша

Қазақстан мен Ресей арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылдығына орай концеренция өтеді

26.10.2017

2017 жылдың 26 қазан күні Мәскеу қаласындағы Мәскеу Мемлекеттік халықаралық қатынастар Университетінде Қазақстан мен Ресей арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың  25 жылдығына орай ғылыми-тәжірибелік халықаралық конференция өтеді.

Аталған шараға ҚР және РФ Президент  әкімшілігінің өкілдері, екі елдің дипломаттары, белгілі ғалымдар, сарапшылар мен журналистер қатысады.

Конференция барысында екі ел арасындағы ширек ғасырлық қарым-қатынастың орнауы, интеграциялық процестер, болашаққа қажет қарым-қатынастың нығаюына жасалған жаңа идеялар барынша талқыланатын болады.

Аталған шара Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің ұйымдастыруымен өтеді.