Афиша

Ресей мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 25 жылдығына орай ең үздік логотипке арналған сайыс

11.05.2017

РФ-дағы ҚР Елшілігі Ресей мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар орнауының 25 жылдығына арналған ең үздік логотипке сайыс жариялайды.

Сайыстың негізгі мақсаты – Ресей мен Қазақстан серіктестігі және еуразиялық интеграция үдерістері тақырыбын объективті және кәсіби айқындауына жәрдемдесу, өз шығармашылығында бұл тақырыптарды білікті және дарынды дамыта алатын дизайнерлерді марапаттау. Логотип көрнекті, Ресей мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнауының 25 жылдығының есте қалдырар нышаны болуы қажет және екі ел тұрғындарын елең еткізетіндей, екі елдің стратегиялық серіктестігін бейнелейтін, барлығы тани алатын және көрнекі белгі болуы тиіс.
Логотип әсерлі (көп бояулы), бірден қызықтыратын, қарапайым түсінікті бейнелерімен басқаларға ұқсамайтын өзіндік жазуы мен орыс және қазақ тілдерінде "Қазақстан", "Ресей" және т.б. сөз тіркестерінен және оған сәйкес сурет – кескіндемелік таңбадан тұра алады.

Логотип айтулы күндерге орай ұйымдастырылған іс-шараларды дайындау мен өткізу аясындағы промо-материалдар мен шараларда көрініс тауып, жаранама материалдарында, баспасөз басылымын дайындау кезінде қолданылатын болады. 

Бағалау критерийлері:

Сәйкес мағына.  Логотип белгіленген тақырып пен қойылған міндетке сай образдан тұруы керек.

Бірегейлік пен ерекшелік. Логотип қолданыста бар логотиптерді еске түсірмеуі керек. Ескі элементтер қолданылмауы тиіс.  

Қабылдауға жеңілділік. Логотип көптеген тұтынушыларға түсінікті болатындай қарапайым болғаны абзал.

Ауқымдылық.  Логотип бірден жақсы қабылдануымен қатар кез-келген ауқымда өзінің мазмұнын жоғалтпауы керек.

Бейімділік. Логотип мазмұнын жоғалтпастан кез-кезген сақтау әрі тасымалдау бағдарламалары мен құрылғыларында ашылуы тиіс. Оны түсті және ақ-қара форматында басып шыға алатындай және кез-келген материалға (қағаз, экран, металл, тас және т.б) таңбалауға болатындай болуы керек.  

Байқауды өткізу мерзімі: 2017 жыл  11 мамыр – 10 маусым аралығы.

Дизайн-макеттер Corel, Tiff форматында электронды нұсқада  konkurs.kazembassy@mail.ru мекен-жайына қабылданады. Міндетті түрде аты-жөндеріңіз бен байланыс нөмірлеріңізді жазуларыңызды өтінеміз.

Қатысушы жіберетін логотиптер жобасы санына шектеу жоқ. Жеңімпаз бағалы сыйлықпен марапатталады.