Қылмыскердің қармағына іліну

Ресейдегі қылмыстан зәбір көруші Қазақстан азаматтарына

ҚР Елшілігінің Консулдық бөлімі қандай көмек қолын соза алады:

  • Жоғалған /ұрланған жеке басын куәландырушы құжат немесе паспорттың орнына ҚР қайтаруға арналған Анықтама береді.
  • Отбасыңызбен, достарыңызбен немесе жұмыс берушіңізбен байланысуға көмектеседі.
  • Қылмыстық-процессуалдық тәртіп туралы жалпы ақпарат береді.
  • Адвокатқа кеңес береді. (Адвокаттың заңдық қызмет көрсетуі туралы шарттың бекітілуін қабылдау немесе бас тарту шешімін ҚР азаматы өзі қабылдайды)

ҚР Елшілігінің Консулдық бөлімінің құзіретіне не жатпайды:

  • Заңдық кеңестер беру және сотта ҚР азаматын қорғау.
  • Ресми заңдық процестерде аударма қызметін ұсыну.
  • Заңдық қызметтер шығынын немесе ҚР азаматының басқа да шығындарын өтеу.
  • ҚР қайту үшін әуе/теміржол билеттерін алу.
  • Ресейдегі сотөндірісі кезінде Қазақстан азаматтары үшін артықшылықтар талап ету.
  • ҚР тұруға ықтияр хаты бар азаматтығы жоқ тұлғалар мен шетел азаматтарына қызмет көрсету.

Төтенша жағдай кезінде төмендегі телефонға қоңырау шалыңыз:

  • 02 немесе 112 - полиция
  •  03 немесе 112 – жедел медициналық көмек

РФ ҚР Елшілігінің Консулдық бөлімі Қазақстан азаматтары тарапынан құқыққақарсы әрекеттер туралы шағымдарды жұмыс күндері сағат 00 - 18.00 аралығында +7 (495) 627-17-54, +7 (495) 627-18-36, +7 (495) 627-17-06 телефондары бойынша қабылдайды.

Жұмыс емес күндері, демалыс немесе мереке күндері келесі нөмірге хабарласа аласыз: +7 (495) 627-18-21/627-18-22. 

ҚР Сыртқы істер министрлігіңі вебсайты – www.mfa.gov.kz

ҚР СІМ кезекші дипломатының телефоны  +7 (7172) 720111 (қоңыраулар жұмыс емес кндері, демалыс және мереке күндері қабылданады)