Қазақстан азаматының қайтыс болуы

Егер Қазақстан азаматы Ресей аумағында көз жұмса

ҚР азаматының РФ дүние салуы орын алған жағдайда, жерлеу орны туралы шешімді қайтыс болған азаматтың жақын туыстары шығарады.

ҚР азаматының қайтыс болғаны туралы куәлікті Мемлекеттік көпсалалық қызмет көрсету орталығынан немесе сәйкесінше консулдық мекемден алуға болады. Куәлік алу үшін жақын туысы МКО немесе консулдық мекемеге жүгініп, өтінім жазып және қайтыс болғаны туралы медициналқық анықтаманың тұпнұсқасы (моргта беріледі) мен өтінім берушінің ұлттық төлқұжатын көрсетуі тиіс.

РФ құзіретті органымен берілген қайтыс болғаны туралы куәлік сонымен бірге 1993 жылғы 22 қаңтардағы «Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен қарым-қатынастары конвенциясының» 13 бабына сәйкес ҚР аумағында да қандай да бір қосымша рәсімдеулерсіз жарамды болып табылады.

Кремациялау, бальзамдау, мүрдені Қазақстанға жіберуге дайындау мен жіберу бойынша Ресейде ақылы қызметтерді ритуалдық компаниялар көрсетеді. Ақылы ритуалды қызмет көрсету туралы шартты бекіту туралы шешімді қайтыс болған азаматтың жақын туысқаны қабылдайды.

РФ ҚР Елшілігінің Консулдық бөлімі Қазақстан азаматтарының қайтыс болғаны туралы хабарларды жұмыс күндері сағат  09.00 - 18.00 аралығында +7 (495) 627-17-54, +7 (495) 627-18-36, +7 (495) 627-17-06 телефондары бойынша қабылдайды.

Жұмыс емес күндері, демалыс немесе мереке күндері келесі нөмірге хабарласа аласыз: +7 (495) 627-18-21/627-18-22.