8-925-897-71-14
8-921-188-90-60
8-905-020-30-42
8-968-100-73-06
+7-906-177-70-88
+7-939-919-76-33
Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) Хатшылығында ҚХР-дың Еуразия істері жөніндегі арнайы өкілі Ли Хуэй, Шэньси өлкесінің губернаторы Чжао Ган, Ұйымға мүше, бақылаушы және диалог бойынша серіктес мемлекеттерінің елшілері мен дипломаттарының қатысуымен ШЫҰ күні аталып өтті.
ШЫҰ Бас хатшысы Чжан Мин іс-шараның ашылуында 20 жыл ішінде алты мүше мемлекет құрған аймақтық ұйымнан 26 елден тұратын (мүше, бақылаушы және диалог бойынша серіктес мемлекеттерді қоса алғанда) үлкен құрылымға айналғанын айтты.
Ли Хуэй биыл 3-4 шілдеде Астанада өтетін ШЫҰ-ға мүше мемлекеттері басшыларының отырысы Ұйым жылнамасында жарқын із қалдыратынына және Қазақстан тарапы көпжақты ынтымақтастықты нығайтуға және Ұйымның қызметін жаңғыртуға маңызды үлес қосатынына сенім білдірді. Сондай-ақ Қытай тарапы ұйым шеңберінде қойылған міндеттерді орындау барысында Қазақстанды жан-жақты қолдайтынын мәлімдеді.
ШЫҰ-дағы төраға-мемлекеттің өкілі ретінде Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышев барлық қатысушыларды ШЫҰ күнімен құттықтай отырып, Қазақстан Ұйымның құрылуының алғашқы күндерінен бастап негізін қалаушысының бірі ретінде оның қызметіне белсенді қатысып келе жатқанын және "Үлкен ШЫҰ отбасы" елдерімен көпжақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге ұмтылатынын атап өтті.
Елші 2023 жылғы шілдеден бастап Қазақстан Ұйымға төртінші рет төрағалығы кезінде Шанхай ұйымының негізгі салалардағы қызметін жандандыру үшін барлық күш-жігерін жұмсағанын хабарлады (қазіргі уақытта 140-тан астам іс-шара өткізілді). Қазақстандық дипломат Астана саммитінің маңызды оқиғаларының бірі Беларуське ШЫҰ-ға мүше мемлекет мәртебесін беру, сондай-ақ алғаш рет "ШЫҰ плюс" форматында кездесу болатынын атап өтті. Ш.Нұрышев қазақстандық төрағалық кезіндегі қолдаулары үшін барлық мүше мемлекеттерге алғысын білдіріп, ШЫҰ келесі төраға-мемлекеті Қытайға сәттілік тіледі.
Іс-шараның арнайы қонағы болған Шэньси өлкесінің губернаторы Чжао Ган қатысушыларға ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің бастамасымен 5 жыл бұрын Янлин қаласында құрылған ШЫҰ Ауыл шаруашылығы технологияларымен алмасу жөніндегі демонстрациялық базасының жетістіктерімен таныстырып, ШЫҰ елдерін 2024 жылғы 25-29 қазанда Шэньси өлкесінде жоспарланған 31-ші Янлин және ШЫҰ Ауыл шаруашылығы көрмесіне шақырды.