Абайдың 175 жылдық

"Абай – әр үйге": Орынборда ұлы қазақ ақынының мерейтойы аталып өтілді

29.09.2020

25 қыркүйекте қазақ ақыны һәм ойшылының туғанына 175 толуына арналған «Абайдың өмір жолы және шығармашылығы» атты халықаралық бейнеконференция өтті.

Іс-шараны Орынбор мемлекеттік унивеситетінің Оңтүстік Орал тарихы және этнографиясы ҒЗИ, "Еуразия халықтарының достастығы" АКЕҰ (Орынбор қ.), "Еуразиялық мониторинг" талдамалық зерттеулер орталығы (Нұр-Сұлтан қ.) және Орынбор өлкесі қазақтарының қауымдастығы ұйымдастырды.

Әлемнің 4 елінің 8 қаласынан қазақ ғұламасын ізет тұтушыларды біріктірген қатысушылар географиясы бұдан де кең болды. Кездесу барысында олар Абайдың философиялық және поэзиялық мұрасы әртүрлі мәдениеттердің өзара түсінісуі үшін әмбебап кілт болып табылатындығын атап өтті. Ұлттық сезімдер мен өзін-өзі танудың жарқын өрнектеушісі бола отырып, ұлы қазақ гуманисі сонымен бірге ұлтшылдықтың тар шеңберіне қарсы шығып, халықтардың мәдениетаралық кең диалогын жақтады, А.С.Пушкиннің, М.Ю.Лермонтовтың және И.А.Крыловтың шығармаларын аударды және шығармашылық тұрғыдан қайта толғады. Екінші жағынан, Абайдың өз шығармаларының көптеген аудармалары орыс оқырманына қазақ мәдениетінің байлығын, поэтикалық бейнелілігі мен философиялық тереңдігін аса жоғары көркем үлгіде ашып көрсетті.

Қазіргі заман жағдайында оның қоғамды рухани жаңғырту, дін мен ғылымды, Шығыс пен Батыстың жетістіктерін үйлесімді қиюластыру идеясы, тәрбие, білім беру, мәдени-ағарту жұмысында оның өсиеттерін жастарға оларды жұмылдыра қатыстыру креативтік нышандарын пайдалана отырып жеткізу бұрын-соңды болмағандай өзекті.

Осы мақсаттарда Орынбор облысында мерейтойлық Жыл ішінде әдебиет дастарханы ұйымдастырылып, ақынның өлеңдері мен әндері орындалды, "Орынбор өлкесі Абайды оқуда" аймақтық челленджі бейнероликтер жазылып, таратылумен қоса бастау алды, оның мұрасын зерделеуге арналған ғылыми конференция ұйымдастырылды.

Конференцияның қорытындылары бойынша оның қатысушылары ақынның уақыттан тыс, жалпыадамзаттық маңызы бар шығармашылығымен әр адам лайықты түрде таныса алуы үшін "Абай – әр үйге!" ұранын ұсынды.