8-925-897-71-14
8-921-188-90-60
8-905-020-30-42
8-968-100-73-06
+7-906-177-70-88
+7-939-919-76-33
Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаевтың Вологда облысына жұмыс сапары өтті.
Өңір губернаторы Георгий Филимоновпен кездесу барысында ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.
Қазақстан Вологда облысының сыртқы сауда серіктестері арасында 9-шы орында. 2023 жылы өзара сауда көлемі шамамен $91 млн. долларды құрады, экономикалық байланыстардың әлеуеті таусылмағаны және оны ұлғайту үшін мүмкіндіктер бар екендігі атап өтілді.
Өңірдің ағаш өнеркәсібі кешені мен ауыл шаруашылығындағы елеулі құзыреттері ерекше қызығушылық тудырады.
Мысалы, Қазақстан Вологда орман өнімдерін үздік 4 сатып алушының қатарына кіреді. Экспорт 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында 34%-ға өсті. Осы тұрғыда "Вологда" арнайы экономикалық аймағы немесе "Сокол" өнеркәсіптік паркі негізінде бірлескен өндіріс идеясы талқыланды.
Өз кезегінде, Вологда аграршылары қазақстандық нарыққа жеткізуге мүдделі.
Сондай-ақ, Д.Абаев ежелгі Вологда жерінің бай тарихи-мәдени мұраға ие екендігіне назар аударып, мұражай, көрме және туристік салаларда ынтымақтастықты дамытуға дайын екендігін білдірді.
Сапар соңында Елші "Александра+" (өнеркәсіптік ультрадыбыстық жабдықтар өндірісі), "Вологда орманы" (Ағаш өңдеу және ағаш кесу) компанияларына барып, ынтымақтастық мәселелерін талқылады.