Жаңалықтар

Мәскеуде қазақстандық жауынгердің сүйегін тапсыру рәсімі өтті

26.11.2022

Мәскеудегі Қазақстанның Елшілігінде Ұлы Отан соғысы кезінде қаза тапқан қазақстандық жауынгердің сүйегін тапсыру рәсімі өтті.

Шараға Елшіліктің дипломаттары, "Атамның аманаты" қоғамдық бірлестігінің, ресейлік іздестіру жасақтарының, қазақ диаспорасының өкілдері, Мәскеудегі жоғары оқу орындарының қазақстандық студенттері қатысты.

Жауынгердің сүйегін Ленинград облысы Кировск муниципалдық округінің Отрадное аумағынан "Суворов" іздестіру жасағы тапты. Жауынгер медальонында сақталған жазбаның арқасында 1904 жылы Қызылорда облысында туған Дажекбай Құлтасовтың жеке басы анықталды. Ол Ленинград майданында 136-атқыштар дивизиясының құрамында соғысып, 1942 жылдың қыркүйегінде хабарсыз кеткен.

ҚР РФ Елшілігі мен "Атамның аманаты" қоғамдық бірлестігінің көмегімен жауынгердің туыстары табылды. Жақын күндері оның сүйегі Қазақстанға жеткізіліп, Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Шаған ауылында жерленетін болады.

ҚР РФ Елшілігінің әскери атташесі Ержан Ермекбаев Дажекбай Құлтасовтың жауынгерлік борышы мен антына адал болып, ортақ Отанымызды қорғау жолында майдандас жолдастарымен иық тірестіре, шайқаста қаза тапқанын атап өтті. Ол үлкен жұмысы үшін іздеушілерге ризашылығын білдірді.

"Атамның аманаты" басқарма төрағасы Мұрат Молдағалиев қазір 17 мыңнан астам жауынгердің жерленген жерлері анықталғанын, бірақ олардың Қазақстандағы туыстары әлі табылмағанын айтты. "Көбісі отбасын құрып, ұрпақ сүйіп үлгермеген жас жігіттер еді. Арада көп уақыт өтті, елдімекендердің атауын өзгерту көп болды. Бірақ біз жұмыстарды жалғастырып, жауынгерлердің туыстарын табуға күш салу", – деді ол.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Ардагерлері төрағасының орынбасары Марат Нағұманов жауынгердің сүйегін "Соңғы жауынгерге дейін жерленбейінше, соғыс аяқталмайды" деген ұранның иесі ұлы қолбасшы Суворов атындағы іздестіру тобының табуын кездейсоқ еместігін атады. "Біз қазір екі халық болғанымызбен, бірақ естеліктеріміз бір. Біз алға жылжу үшін ортақ естеліктерімізді сақтауымыз керек. Өткенді есіне алмаған болашақты сыза алмайды", – деді Нағұманов.

"Суворов" іздестіру отрядының командирі Ольга Стружанова жауынгердің сүйегін жергілікті тұрғындар құлпынай өңдеп жатқан кезде тауып алып, оларды шақырғанын айтты. Іздестіру жасағы бақшаны түгел қарап, окопта отырған күйі мерт болған жауынгерлердің сүйектерін табады. "Дажекбай Құлтасов шабуылға тұра бергенде мерт болған, бетін төмен қаратып, дулығаға тіреліп жатыр екен" – деді ол. Іздестіру жүйесі келесі жылдың көктемінде сол маңға қаза тапқан жауынгерлердің фотосуреттері бар ескерткіш тақта орнату жоспарланып отырғанын хабарлады.

Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің сүйегін табу бойынша қазақстандық және ресейлік іздеу топтарының бірлескен жұмысы жалғасуда.