Жаңалықтар

ҚР-ның РФ-дағы Елшілігінде Аргентина және Мьянма елшілерімен кездесулер өтті

7.06.2022

Бүгін Қазақстанның Мәскеудегі Елшілігінде Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшісі Ермек Көшербаевтың Аргентинаның Ресейдегі Елшісі Эдуардо Антонио Зуайнмен және Мьянманың Ресейдегі Елшісі Лвин Умен кездесулері өтті.

Өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың келешегі талқыланып.

Өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша пікір алмасу болды.

Дипломаттар тұрақты жұмыс байланыстарын жалғастыру ниетін растап, бір-біріне алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.