Жаңалықтар

Ресейлік саясаткерлер мен шетелдік дипломаттар Қазақстан халқына көңіл айтты

10.01.2022

Бүгін, Жалпыұлттық аза тұту күні Ресейдегі Қазақстан елшілігіне РФ Федералдық Жиналысы Мемлекеттік Думасындағы "Единая Россия" фракциясының жетекшісі Владимир Васильев, РФ СІМ ТМД елдері үшінші департаменті директорының орынбасары Дмитрий Верченко, Түркияның Ресейдегі елшісі Мехмет Самсар, Лаостың Ресейдегі елшісі Вилаван Йиапохэ келді.

Олар еліміздің бірқатар аймақтарындағы қайғылы оқиғалардың салдарынан көптеген адамдардың қаза болуына байланысты қазақстандықтарға көңіл айтты. 

Қонақтар өз елдерінде жақындарынан айырылғандардың қайғысына ортақтасып, зардап шеккендердің сауығып кетуіне және қайғылы оқиғаның зардаптарының тезірек жойылуына үміттерін білдіретіндерін атап өтті.