Жаңалықтар

Қазақстан мен Ресей дипломатиялық қатынастардың орнаған күнін атап өтті

22.10.2021

Бүгін, 22 қазанда біздің елдер арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылғанына 29 жыл толды.

Өткен уақыт ішінде Қазақстан мен Ресей арасында әр түрлі салалар бойынша жүздеген шарттар мен келісімдер жасалды. Ең маңыздыларының бірі – 2013 жылы қол қойылған 21 ғасырдағы тату көршілік және одақтастық туралы шарт.

Келісімшарттық негіз жақсы тәжірибеге сүйенеді. Қазақстан-Ресей қарым-қатынастары тұрақтылығымен және болжамдылығымен, өзара құрмет, тату көршілік пен одақтастық қағидаттарын ұстануымен ерекшеленеді, бұған екі елдің басшылығы арасындағы саяси сенім мен дәстүрлі достық қарым-қатынастар ықпал етеді.

Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынастар мемлекетаралық ынтымақтастықтың үлгісі болып табылады және біз оларды сақтауымыз керек: "Ресей біздің Құдай қосқан тарихи көршіміз. Бізге дейін де, біз де, бізден кейін балаларымыз да көршілестік пен достық түсіністікте өмір сүретін болады".

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдер арасында тұрақты сындарлы "Ресей сенімді стратегиялық серіктес және тату көрші" диалогы барысында өз шешімін таппайтын мәселе іс жүзінде жоқ екенін атап өтті.

Біздің елдер ынтымақтастықты тереңдету саясатын ұстанады, еуразиялық интеграцияның белсенді қатысушылары болып табылады және БҰҰ, ТМД, ҰҚШҰ, ЕҚЫҰ, ШЫҰ шеңберінде табысты өзара әрекеттеседі.

Қазақстан мен Ресей арасындағы қазіргі қарым -қатынас нөлден құрылмады. Бізді ортақ көпғасырлық тарих, ұзақ шекара, ұқсас менталитет, тығыз экономикалық және рухани байланыстар біріктіреді.

Біз отыз жылдан бері жеке мемлекет ретінде өмір сүріп келеміз, бірақ шекара сызығы бауырлас халықтарды бөлген жоқ, бір-біріне деген шынайы, жылы қарым-қатынасты өзгерткен жоқ. Біздің географиялық және рухани жақындығымыз бен өзара сенім – бұл алға сенімді қадамның негізгі кепілі, бұл бірегей бірлескен артықшылық, бұл бүгінгі және болашақ міндеттерді шешуге көмектеседі.