Жаңалықтар

Мәскеуде Қазақстан мен Калуга облысы арасындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды

13.10.2021

Мәскеуде Қазақстан Елшілігінде Калуга облысы губернаторының орынбасары Владимир Потемкинмен кездесу өтті.

Тараптар ынтымақтастықтың барлық саласы бойынша кең ауқымды мәселелерді, оның ішінде Калуга облысына Елшілік делегациясының мамырдағы сапары кезінде қол жеткізілген келісімдерді талқылады.

Кездесуге қатысушылар екіжақты байланыстардың әлеуеті сарқылмайтынын және оларды нығайтуға жақсы мүмкіндіктер бар екенін атап өтті. Пандемияға қарамастан, өткен жылы Қазақстан мен Калуга облысы арасындағы тауар айналымы 188 миллион АҚШ долларын құрады, ал 2021 жылдың тамыз айында 146 миллион АҚШ долларына жетті.

Келіссөздер нәтижесінде өңіраралық байланыстар шеңберінде ең дамушы бағыттар бойынша, атап айтқанда, инвестициялық салада және өндірістік кооперацияда ынтымақтастықты одан әрі дамыту келісілді.