Жаңалықтар

Мәскеуде Қазақстан мен Ресейдің АӨК саласындағы ынтымақтастығы талқыланды

8.10.2021

ҚР Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров бастаған қазақстандық делегация Мәскеуде өткен "Алтын күз – 2021" Агроөнеркәсіптік көрмесіне қатысты.

Делегация өз өнімдерін ұсынған Ресей өңірлерінің павильондарында болып, агроөнеркәсіптік кешенді (АӨК) және аграрлық ғылымды цифрландыру саласындағы озық әзірлемелермен, сондай – ақ Ресей Федерациясының органикалық өндірушілерінің органикалық атлас-тізімімен танысты. РФ Ауыл шаруашылығы министрлігінің павильонында қазақстандық қонақтарға ауыл аумақтарын кешенді дамыту және Ресейдің ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерін айналымға тиімді тарту бойынша мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысы ұсынылды.

Көрме алаңында РФ Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Сергей Левинмен кездесу барысында ағымдағы жылдың жеті айында Қазақстан мен Ресей арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауар айналымы $1,4 млрд. астам құрады, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 11,4%-ға артық. Тараптар ынтымақтастықтың одан әрі жоғары қарқынына үміт білдірді. Сондай-ақ, ветеринарлық және фитосанитарлық бақылау және ауыл шаруашылығы бойынша Қазақстан-Ресей жұмыс тобының кезекті отырысын өткізу мәселелері қозғалды.

ҚР РФ Елшілігіндегі "PepsiCo" компаниясының басшылығымен өткен келіссөздерде екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Анықтама үшіе: "PepsiCo" компаниясы – "Рерѕі", "Lay's", "Дом в деревне", "Агуша" және "Фруктовый сад" брендтерімен танымал тамақ өнімдері мен сусындарды әлемдегі ең ірі өндірушілердің бірі. Компанияның орталық және аймақтық кеңселерінде және оның көптеген өндірістік кәсіпорындарында 19000-ға жуық қызметкер жұмыс істейді.

А.Сапаровтың Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігі мен Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігінің қызметкерлерімен семинар-кездесу барысында агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік саясаттың басым бағыттары, қолданыстағы мемлекеттік қолдау шаралары, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың болашағы талқыланды.