Жаңалықтар

Қазақстандықтарға 25 шілдеден бастап ЕАЭО елдерінен Ресейге ұшып бару үшін "Путешествую без COVID-19" қосымшасы қажет

22.07.2021

Бұған дейін хабарлағанымыздай (сілтемені қараңыз), Қазақстан азаматтары Ресейге әуе рейстерімен ұшып келу үшін "Путешествую без COVID-19" мобильді қосымшасы арқылы коронавирусқа ПТР-тестінің теріс нәтижесінің болуын растауы қажет.

Ресей Федерациясы Үкіметінің 20.07.2021 жылғы №1998-р бұйрығына сәйкес (сілтемені қараңыз), ПТР тест Ресейге келгенге дейін үш күннен ерте жасалмауы керек.

Жаңа ережелер 25 шілдеден бастап ЕАЭО-ға мүше елдерден (Армения, Беларуссия, Қазақстан, Қырғызстан) әуе рейстерімен ұшып келу үшін қолданылады.

1 қыркүйектен бастап "Путешествую без COVID-19" қосымшасы Әзірбайжан, Молдова, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстаннан да ұшып келу үшін міндетті болады.

Ресей тікелей рейстерді қалпына келтірген үшінші елдерден ұшып келетін Қазақстан азаматтары (сілтемені қараңыз) бұрынғыдай РФ шекарасынан өткенге дейін үш күн ішінде жасалған ПТР тестін ұсынуы керек.

МАҢЫЗДЫ! Қазақстан азаматтарының Ресей Федерациясына құрлық арқылы кіруі бұрынғыдай шектеулі және тек жекелеген санаттарға рұқсат етілген (сілтемені қараңыз).