Жаңалықтар

Қазақстандық дипломаттар ардагер-панфиловшыны мерейтойымен құттықтады

19.07.2021

Мәскеудегі Ұлттар үйінде аты аңызға айналған Панфилов дивизиясының құрылғанына 80 жыл және оның көзі тірі жауынгері Владимир Бурцевтің 95 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті.

Іс-шара барысында Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің дипломаттары ардагерді мерейтойымен құттықтап, естелік сыйлықтар табыс етті.

Кездесуге қатысушылар Ұлы Отан соғысы туралы естеліктерді сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Жыл өткен сайын сол оқиғалардың куәгерлері азайып бара жатқанда, оларды лайықты есте сақтау және жас ұрпақты ортақ тарихқа құрметпен қарау рухында тәрбиелеу және олардың ата-бабалары қандай сынақтарды бастан өткергендігін түсіндіру басты міндет болып саналады.