Жаңалықтар

«Автотор Холдинг» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Валерий Горбуновпен кездесу өтті

14.07.2021

2021 жылы 7 шілдеде Қазақстанның Мәскеудегі Елшілігінде Елші Ермек Көшербаев «Автотор Холдинг» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Валерий Горбуновпен кездесті.

Кездесу барысында В. Горбунов «Автотор» компаниясы 25 жыл ішінде Калининград облысының экономикасын дамытуда көшбасшылардың бірі болғанын атап өтті. Ол автомобиль өнеркәсібі саласындағы үкіметаралық ынтымақтастық, оның ішінде Қазақстанда да, Ресейде де автомобиль компоненттері өндірісін оқшаулау үлкен қызығушылық тудыратынын айтты. 

Өз кезегінде Е.Көшербаев автомобиль өнеркәсібі саласындағы қазақстандық мүмкіндіктер мен құзыреттер және мемлекеттік қолдау шаралары туралы баяндап берді.

Сонымен қатар, әскери-патриоттық жұмыс мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, В.Горбунов Ұлы Отан соғысы кезінде қаза тапқан кеңес жауынгерлері туралы ақпарат іздеу бойынша жүргізіліп жатқан қоғамдық жұмыстар туралы айтты. Ол Шығыс Пруссияда соғысқан, қазіргі уақытта Калининград облысында жұмыс істейтін және тұратын 200 мың қазақстандық туралы ақпарат берді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Елшілік делегациясы Калининград облысына және «Автотор» ЖШҚ ірі автомобиль құрастыру кәсіпорнына барған болатын (толығырақ: https://www.kazembassy.ru/rus/press_centr/novosti/?rid=4615&cid=0).

Анықтама үшін: «Автотор холдингі» Ресейдегі ең ірі автокөлік өндіруші, сонымен қатар, Ресей Федерациясының аумағында шетелдік маркалы автомобильдерді алғашқылардың бірі болып шығарды. Компания 1994 жылы қарашада құрылды. Өз қызметін Калининград облысындағы Арнайы экономикалық аймақ аумағында жүзеге асырады. АВТОТОР кәсіпорындары жұмыс істеген 20 жыл ішінде шетелдік брендтердің 90-нан астам автомобиль модельдерін өндіріп, 1 800 000-нан астам автомобильдер шығарды. Өндіріс көлемі жылына 250 000 көлік құралын құрайды. Қазіргі уақытта белгілі әлемдік брендтердің BMW, KIA, Hyundai жеңіл автомобильдері, сондай-ақ Hyundai, Ford Cargo коммерциялық автомобильдері шығарылады.