8-925-897-71-14
8-921-188-90-60
8-905-020-30-42
8-968-100-73-06
+7-906-177-70-88
+7-939-919-76-33
Бүгін, Жеңіс күні мерекесі қарсаңында, Ленинград облысы, Тосно ауданының Любань қаласында 15 кеңес жауынгерінің сүйектерін қайта жерлеу рәсімі өтті. Олар 2020 жылдың желтоқсанында М-10 "Россия" федералды тас жолын жөндеу кезінде табылған болатын.
Сарапшылардың айтуынша, қалдықтар жеке автомат батальонының және 1-жеке атқыштар бригадасының 2-ші жеке атқыштар батальонының сарбаздарына тиесілі. Олар 1944 жылдың қысында Новгород-Луга шабуыл операциясы кезінде Любанды азат ету шайқасында қаза тапты.
Сақталған солдат медальонының арқасында олардың біреуінің жеке басын анықтауға мүмкіндік туды. Ол 1912 жылы Семей облысында туған, 1942 жылы майданға шақырылып, 1944 жылдан бері хабарсыз кеткен Ақан Махатаев болып шықты.
Елшіліктің ақпараттық және ұйымдастырушылық көмегімен қазақстандық сарбаздың туыстары табылып, олар Любаньдағы еске алу рәсіміне қатысты. Оның ұлы Абжан Аханов, немересі Серікжан Әбжанов жұбайымен және ұлымен аза тұту кезінде жауынгердің туған жері Семейден әкелген бір уыс топырақты салды.
"Бұл тарих. Біз өз отбасымыздың тарихын білуіміз керек. Осы жылдар ішінде біз іздеуді тоқтатпай, ақыры таптық", – деді Серіжан Әбжанов.
Жақын арада Қызыл Армия жауынгерлерін тауып, қайта жерлеген жерге ескерткіш белгі орнату жоспарланып отыр.
Іс-шараға қазақстандық дипломаттар, Ленинград облысы Тоснен ауданындағы Любань қаласының басшылығы, ҰОС ардагерлері, тыл еңбеккерлері, іздеу бөлімшелерінің сарбаздары және қала тұрғындары қатысты.