Жаңалықтар

9-шы мамыр мерекесiне арналған құттықтау мәтiнi

9.05.2021

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігі барша қазақстандықтар мен ресейліктерді Жеңіс күнімен құттықтайды!

Негізгі ауыр салмақ бұрынғы Кеңес Одағы халықтарының иығына түсті. Қазақстан жауға қарсы жеңісте ерекше үлес қосты.

Соғыс майданына 1,2 миллион қазақстандық шақырылып, әскери іс-қимылдарға тұрғындардың 20 пайызы атсалысты. Қазақстанда 12 атқыштар, 4 атты әскер дивизиясы, 7 бригада мен 50 полк құрылды. Миллиондаған қазақстандық күн демей, түн демей тылда еңбек етіп, Ұлы Жеңісті жақындатуға өз үлесін қосты.

Мемлекетімізге бейбітшілік, еліміздің барша тұрғындарына денсаулық, бақыт пен толағай табыстар тілейміз!