Жаңалықтар

Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы

1.05.2021

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігі барша қазақстандықтарды Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтайды!

Бұл күні біздің баға жетпес байлығымыз – туған ел игілігі жолындағы ырысты ынтымағымызды дәріптейміз.

Біздің барлық жетістіктеріміз бен жеңістеріміздің мызғымас тұғыры – татулық пен тұтастық. Түрлі ұлт өкілдері бір шаңырақтың, бір тудың астынан табылып, бүгінгідей еңселі ел болды.

Баршаларыңызға зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс пен бақ-береке тілейміз!