Жаңалықтар

Алғыс айту күнінде отбасымен қауышты

2.03.2021

Қазақстандық отбасы жиырма жылға жуық ажыраудан кейін қайта қауышты.

2003 жылы Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданының тумасы, 11 жасар Тенгиз Висаитов нағашысымен бірге Шешенстанға кетіп, сонда қалды. Анасы Қазақстанда тұрғылықты тұрып жатты.

Араға жылдар салып, Тенгиз кәмелеттік жасқа толды, бірақ қолында тек туу туралы куәлігі бар болғандықтан, оған Қазақстанға өту мүмкін болмады. Сондай-ақ, анасының да ешқандай құжаты болмағандықтан ұлына бара алмады.

Алайда, ҚР Сыртқы істер министрлігі мен ҚР РФ Елшілігінің Консулдық бөлімі қызметкерлерінің көмегінің арқасында Тенгиз Қазақстанға қайтып оралуға арналған куәлік алды. Жас жігіт "Қазақстан" телеарнасының "Мың алғыс" бағдарламасының студиясында анасымен кездесті. "Карекет" қайырымдылық қоры бақытты отбасыға Қарағандыдағы 3 бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті.

Көптен күткен кездесу депортацияланған барлық этностардың бір-біріне және оларды ёөз туғанындай қабылдап, мейірбандық танытқан қазақтарға деген Алғыс айту күнімен тұспа-тұс келді. Осыдан 77 жыл бұрын Тенгиздің атасы біздің жерімізде екінші Отанын тапқан болатын. Енді қонақжай қазақ халқы оның немересін де жылы шыраймен қарсы алды.