Жаңалықтар

Омбыда қазақ фильмдер көрсетілімнің ашылуы өтті

3.12.2020

2 желтоқсанда Омбы қаласының "Вавилон" кинотеатрында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті мен Тәуелсіздік күндеріне және ұлы қазақ зерттеушісі және саяхатшысы Шоқан Уәлихановтың 185 жылдығына арнап қазақ фильмдер көрсетілімнің салтанатты ашылуы өтті.

Қазақстан Республикасының Консулдығының, Омбы облысы үкіметінің және "Қазақфильм" АҚ қолдауымен "Қазақ ұлттық-мәдени орталық" Омбының қоғамдық ұйымы ұйымдастырған осы мәдени шара аясында 2-4 және 16-17 желтоқсан күндері атақты режиссер Мәжит Бегалинің "Оның уақыты келеді", Рүстем Әбдрашевтың "Елбасы жолы" киноэпопеясының "Балалық шағымның аспаны", "Отты өзен" және "Теміртау" атты үш бөлімі, "Алтын тақ", Ақан Сатаевтың "Анаға апарар жол", Джефф Веспаның "Әміре" және Сәбит Құрманбековтың "Оралман" фильмдері көрсетіледі.

Көрсетілімінің ресми ашылуына Қазақстанның Консулдығы, Омбы облысының үкіметі, Ресей Федерациясының Мемлекеттік Думасы, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Жергілікті қазақ қоғамының шығармашылық тобы көрермендер назарына шағын концерт ұсынды, сондай-ақ А.С.Пушкин атындағы Омбы облысының мемлекеттік ғылыми кітапханасының қоры осы тақырып бойынша кітаптар көрмесін өткізді