Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күні мемлекеттік мерекесімен құттықтау

1.12.2020

Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Елшілігі қазақстандықтарды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Күнімен құттықтайды!

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Тәуелсіз Қазақстан тарихына бүкіл қызмет жолы өз халқы, Отаны үшін еңбек етудің жарқын үлгісі болып табылатын әлемдік ауқымдағы аса көрнекті қайраткер ретінде енді.

Оның саяси дарыны, күш-қайраты, ерік-жігері, даналығы мен көрегендігінің арқасында біз бүгінгі таңда орнықты мемлекетте өмір сүрудеміз, ертеңімізге сенімдіміз, балаларымыздың келешегі үшін алаңсызбыз.

Бүкіл Қазақстан халқына денсаулық, бақыт, бейбітшілік тілейміз, өркендей беріңіздер, аман-сау болыңыздар!