Жаңалықтар

Санкт-Петербургтегі отандастарымызбен бірлескен гуманитарлық жобалар талқыланды

12.11.2020

Бүгін Ресейдегі Қазақстанның Елшісі Ермек Көшербаев Санкт-Петербургке жұмыс сапарының барысында Санкт-Петербург және Ленинград облысының "Ата-Мекен" Қазақ ұлттық-мәдени қоғамының өкілдерімен кездесті. 

Елші Ленинград облысының Кировск қаласындағы Кеңес Одағының Батыры Сұлтан Баймағамбетовтың бюстін қалпына келтіруге қатысқаны және коронавирус пандемиясы кезеңінде Қазақстанға гуманитарлық көмек көрсеткені үшін бірлестікке алғысын білдірді.
 
Отандастарды толғандыратын өзекті мәселелер, сонымен қатар бірлескен гуманитарлық жобалар ортаға салынды.
 
Кездесу барысында Ермек Көшербаев "Ата-Мекен" белсенділеріне Жеңістің 75 жылдығының құрметіне арналған медальдарды тапсырды.
 
Анықтама үшін:
 
Ресесйдің ресми статистикасына сәйкес, Санкт-Петербургте 4 мыңнан аса этникалық қазақтар тұрады. Сонымен бірге, отандастарымыздың өздерінің бағалауы бойынша олардың саны 10 мың адамға жуық.