Жаңалықтар

Пандемия жағдайындағы даму: Омбы облысы мен Қазақстан ынтымақтастық деңгейін жоғарылатуда

19.09.2020

Бүгін Омбы қаласына сапарының шеңберінде Ресейдегі Қазақстанның Елшісі Ермек Көшербаевтің Омбы облысының губернаторы Александр Бурковпен кездесуі өтті.

Қонаққа қошемет білдіре отырып, өңір басшысы "Алыстағы ағайыннан жаныңдағы көрші артық" деген қазақ мақалын еске салды, Омбы мен Қазақстан арасындағы табысты серіктестік байланыстар осыны растайтындығын атап өтті.

Өткен жылы өзара сауда көлемі $360 млн.-ға дерлік жетті – бұл 2018 жылдағыдан үштен бірге көп. Биылғы жылдың алғышқы алты айының ішінде ол $170 млн. құрап та қойды. Өсу өткен жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда – 5%.

Тараптар өзара ықпалдастықтың барлық – сауда-экономикалық та, сол сияқты мәдени-гуманитарлық та салалардағы жоғары деңгейіне қанағаттанушылық білдірді.

Осы тұрғыдан алдағы қараша айында Көкшетауда екі ел президенттерінің қатысуымен өткелі отырған ҚР және РФ өңіраралық ынтымақтастығы форумының маңызы аталып өтілді.

Сапар барысында Ермек Көшербаев Омбыдағы "Метромед" ҒӨБ мен А.С.Попов атындағы радио зауытына барды, онда өндірістік әлеуетпен танысып, байланыстарды дамыту  туралы басшылықпен кездесулер өткізді.