Жаңалықтар

Соғыс жылдары қаза тапқан қазақстандықтардың сүйектері Отанында жерленеді

15.09.2020

Бүгін Мәскеуде Ресей Федерациясындағы Қазақстанның Елшілігінде соғыс жылдары қаза тапқан қазақстандықтардың сүйектерін табыстау өтті.

Олардың бірін "Искра" іздеу отряды Ленинград облысында тапты. 1920 жылы Семей облысында туған Жағыпар Қайларов 1941 жылғы қыркүйекте қаза тапқан. Жауынгердің туыстары табылды. Енді оны Алматы облысы, Іле ауданының Жетіген ауылында қайта жерлеу жоспарланып отыр.

Екіншісі, 1987 жылы туған Азықан Нұғыманов, Ақмола облысының Еңбекшілдер аудандық әскери комиссариатымен шықырылған, 1942 жылы қазіргі Тверь облысының аумағында қаза тапқан. Оның сүйегін "Витязь" іздеу отряды тапты. Солдаттың туыстары табылмады, алайда Ақмола облысы, Біржан сал ауылының әкімдігі оны қайта жерлеуге ниет білдірді.

Таяудағы түні екі қазақстандықтың сүйегі әскери ұшақпен Отанына жеткізіледі.

Фотогалерея