Жаңалықтар

Бүгін Россотрудничество кеңсесінде кездесу өтті

11.09.2020

Мәскеуде Россотрудничетво ТМД, шетелде тұратын отандастар істері жөніндегі және халықаралық гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі федералдық агенттік) бас кеңсесінде Ресейдегі Қазақстанның Елшісі Ермек Көшербаевтің агенттік басшысы Евгений Примаковпен кездесуі өтті.

Жылы және достастық жағдайында өткен әңгіме барысында Евгений Примаков қонақтарға ведомствоның қызметі мен ғылыми-техникалық, мәдени, экономикалық салалардағы, сонымен қатар білім беру саласындағы халықаралық байланыстарды қолдау және дамыту бойынша өздерінің алдына қойылған міндеттер туралы айтып берді.

Кездесу барысында сөз етілген мәдениет және білім беру саласындағы бастамалардың бірқатары одан арғы бірлескен іс-қимылдар үшін негізге алынды. Қазақстандық студенттердің келу мүмкіндігі және Ресейде болу уақытында оларға қолдау көрсету әңгіменің ерекше тақырыбы болды.