Жаңалықтар

Қазақстан Елшілігінің Мәскеудегі Консулдық бөлімі штаттық жұмыс режиміне көшеді

10.07.2020

Құрметті азаматтар! 13 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің Мәскеудегі Консулдық бөлімі штаттық жұмыс тәртібіне көшеді.

МАҢЫЗДЫ: Консулдық бөлімге міндетті түрде медициналық бетперде және қолғаппен келу керек. Азаматтарды қабылдау тек алдын ала жазылу арқылы жүзеге асырылады.

Кезекті онлайн брондау үшін мына сілтеме арқылы өтіңіз: https://www.kazembassy.ru/rus/konsulstvo/termin/

Коронавирус жағдайы бойынша кеңес беруге арналған жедел желі нөмірі +7 (925) 897 71 14 жұмыс күндері Мәскеу уақытымен сағат 09.00 – 18.00 аралығында қызмет көрсетеді;

Консулдық сұрақтар бойынша дәл осы нөмірге жұмыс күндері (Мәскеу уақытымен) сағат 15.00 – 16.00 аралығында хабарласуға болады.