Жаңалықтар

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшісі Ермек Көшербаев қазақстандық тілшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтады

26.06.2020

Бүгін, 26 маусымда, Қазақстанның Ресейдегі елшісі Ермек Көшербаев Мәскеудегі мемлекеттік БАҚ-ның тілшілерін келе жатқан кәсіби мереке – БАҚ қызметкерлері күнімен құттықтады.

Дипломатиялық миссия басшысы "Хабар" телеарнасының тілшісі Дана Нұржанға, "Қазақстан" телеарнасы Индира Асановаға және "ҚазАқпарат" агенттігі Нарыбек Исмағұловқа алғыс хат пен кәдесыйлар тарту етті.

Сонымен қатар, Көшербаев журналистерге қазақстан-ресей қатынастарын лайықты түрде көрсеткені үшін алғыс білдірді және одан әрі шығармашылық табыстар тіледі.

Еске сала кетейік, Қазақстанда жыл сайын 28 маусымда БАҚ қызметкерлері күні аталып өтеді.