Жаңалықтар

Ресейдегі қазақстандықтар қыркүйек айының ортасына дейін тіркелуден босатылды

26.06.2020

Бүгін РФ Президенті Владимир Путин "Коронавирустық инфекцияның (COVID-19) одан әрі таралу қаупіне байланысты Ресей Федерациясындағы шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық мәртебесін шешудің уақытша шаралары туралы" №274 18.04.2020 өз Жарлығына өзгерістер енгізді.

Осы құжатқа сәйкес, тіркелудің немесе уақытша тұруға рұқсаттың мерзімі 2020 жылдың 15 наурызынан 15 қыркүйек дейінгі мерзімде аяқталса да Қазақстан азаматтары елде тіркеусіз еркін тұра алады. Осы кезең үшін оларға ешқандай айыппұл мен депортация шаралары қолданбайды.

Алайда, 15 қыркүйекнан кейін Ресейде болғысы келетін Қазақстан азаматтары құқықтық тұрғыдан ресми заңдастыру рәсімдерін орындауы қажет.