Қазақстан РеспубликасыныңРесей Федерациясындағы Елшілігі

«Бүгінде Қазақстан мен Ресей Федерациясының қарым-қатынасы өзгелерге үлгі етерліктей дәрежеде және біз әрі қарай да осы бағытта жылжитын боламыз»

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы

На главную [RUS]

Жаңалықтар

Сарапшылар Қазақстандағы инвестициялық қызметті мемлекеттік қолдау мәселелерін талқылады

12.05.2020

Бүгін "Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметті мемлекеттік қолдау" тақырыбында практикалық вебинар өтті.

Шараны инвестицияларды тарту жөніндегі ұлттық оператор "Kazakh Invest" ҰК" АҚ, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігімен бірлесіп ұйымдастырды.

Вебинардың мақсаты – Қазақстанға инвестиция тартудың жүйесі мен тетіктерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының инвестициялық климатын жақсарту жөніндегі дағдарыстан кейінгі шараларды саралау. Шетелдік инвестицияларды тарту – елдің сыртқы саясатын экономикаландырудың негізі.

Іс-шарада Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің дағдарысқа инвестиция тарту үшін үш деңгейлі интеграцияланған экожүйе құрамындағы "Kazakh Invest" ҰК" АҚ-мен сыртқы деңгейде оңтайлы өзара әрекеттесуі туралы сұрақтар қаралды.

Вебинарды аша отырып, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ермек Көшербаев Ресей капиталын Қазақстанға тартудың практикалық құралдары туралы, дағдарыстық және дағдарыстан кейінгі жағдайларда инвесторлармен жұмысты құрудың жаңа тетіктері туралы пікірімен бөлісті.

"Kazakh Invest" ҰК" АҚ басшылығы инвестиция үшін Қазақстан экономикасының басым және перспективалы секторларын, оның ішінде Ресей Федерациясын ұсынды.

Ағымдағы жағдайды ескере отырып, денсаулық сақтау саласына, фармацевтикалық өнеркәсіпке және коронавирустың өршу жағдайында медициналық технологияларды дамытудың келешегі талқыланды. Ресей Федерациясымен бірлескен жеке инвестициялар қорларын құру, ол халықаралық қаржы институттарынан қаражат тарту және басқа да тәсілдері арқылы инвестицияларды қажет ететін жобаларды қаржыландырудың қосымша көздерінің мүмкіндіктері.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының шекаралас аймақтарындағы, оның ішінде ШОБ секторындағы жобаларға инвестициялар тартуды жандандыру мәселелері қарастырылды.

Сондай-ақ, бажсыз импорт, мемлекеттік заттай гранттар, салық преференциялары және инвестициялық субсидиялар сияқты инвестициялық қолдау құралдары ұсынылды.

Мемлекеттік органдар

Пайдалы сілтемелер