8-925-897-71-14
8-921-188-90-60
8-905-020-30-42
8-968-100-73-06
+7-906-177-70-88
+7-939-919-76-33
17 маусым сағат 14:00 «Сколково» инновациялық орталығы технопаркінде "Астана ЭКСПО – 2017" халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған «Болашақ энергиясы» тақырыбындағы балалар сурет байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті.
Наурыздың 15-і мен маусымның 18-іне дейін созылған «Болашақ энергиясы» тақырыбындағы балалар суреті байқауына Ресейдегі отандастардың қоғамдық ұйымдарының 14 жасқа дейінгі мүшелері мен балалары қатысты. Барлығы 20 жұмыс қабылданды.
Ресей суретшілер академиясының мүсіндеме факультетінің деканы Ғалым Жиембайұлы Долмогомбетовтың төрағалығындағы байқау комиссиясы байқауды қорытындылап және жеңімпаздарды анықтады.
Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындарды иеленді:
"Гран-при" аталымының жеңімпазы – Дисингалиева Диана ("Экспо тұмары 2017 Сəуле", Волгоград қ).
7 жасқа дейінгі топ:
11 жасқа дейінгі топ:
14 жасқа дейінгі топ:
«Ең жас қатысушы» аталымында екі жасар Макенова Әдия ("Жаңа әлем", Камышлов қ, Свердловск облысы) марапатталды.
Байқау жеңімпаздары ҚР Елшілігі жетекшілігімен марапатталады. Байқаудың барлық қатысушыларына алғыс хаттары табысталады.
Салтанатты рәсім аясында «Сколково» технопаркіне саяхат жасалады. 18 маусым сондай-ақ Тарихи музей мен Қызыл алаңға бару жоспарлануда.
Сонымен бірге, «Көрермен көзайымы» аталымында жеңімпазды анықтау үшін дауыс беру басталады.