Жаңалықтар

Консулдық бөлімге келуші азаматтардың назарына!

30.03.2020

Құрметті азаматтар!

COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралу қаупіне және келушілер денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз етуіне орай, 2020 жылдың 30 наурызынан бастап Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің Консулдық бөлімі төтенше және шұғыл жағдайға қатысты ҚР азаматтарының өтініштерінен басқа барлық консулдық және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша азаматтарды қабылдауды уақытша тоқтатады.

Шұғыл мәселелерге қатысты өтініштерді келесі байланыс құралдары арқылы білдіруді ұсынамыз:

+7 925 897 7114 жедел желі;

https://t.me/Consularkz_bot Консулдық бөлімнің Телеграм-боты;

consul@kazembassy.ru электрондық пошта арқылы.

30 наурыздан бастап онлайн түрде жазылған азаматтардың өтініштері қабылдауды жаңартудан кейін басымдықпен қабылдау тәртібімен қарастырылады.