Қазақстан РеспубликасыныңРесей Федерациясындағы Елшілігі

«Бүгінде Қазақстан мен Ресей Федерациясының қарым-қатынасы өзгелерге үлгі етерліктей дәрежеде және біз әрі қарай да осы бағытта жылжитын боламыз»

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы

На главную [RUS]

Жаңалықтар

Ресейде оқитын қазақстандық студенттердің назарына!

16.03.2020

РФ аумағында COVID-19 коронавирусының жаңа түрін жұқтырғандар саны өсіп келе жатқандығын үлкен өкінішпен хабарлаймыз.

Осыған орай, қазіргі уақытта Елшілік азаматтарымыз арасында инфекцияның таралуын болдырмауға бағытталған шаралар жасауда. Біз Ресейдің жоғары оқу орындарында оқитын барлық студенттерден – (Қазақстан Республикасының азаматтарынан) тыныштықты, дүрбелең болмауды және адамдар көп жиналатын орындарға барғанда қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз.

Сондай-ақ, сізден жергілікті билік органдарының санитарлық режимді сақтау талабына жанашырлықпен қарауыңызды сұраймыз. Қажет болған жағдайда, Елшілік студенттердің отанына оралуына, авиарейстердің қазіргі қысқаруы жағдайында да барынша көмек көрсетеді.

Ресейде оқитын бір де бір қазақстандық студент біздің назарымыздан тыс қалмайды!

Жедел қоңыраулар үшін сенім телефоны жұмыс істейді +7 926 800 58 77. Электрондық пошта: kazembassyru@gmail.com

Ресей Федерациясының аймақтарында оқитын студенттер біздің Санкт-Петербург, Қазан, Астрахань, Омбы қалаларындағы консулдық бөлімдерімізге хабарласа алады.

Қазақстан Республикасының Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулдығы. Консулдық аймақ: Архангельск, Вологодск, Псков, Мурманск, Новгород, Калининград, Ленинград облыстары, Карелия Республикасы, Ненецк автономиялық округі.

Қазақстан Республикасының Қазан қаласындағы Бас консулдығы. Консулдық аймақ: Кировск, Төменгі Новгород, Пенза, Свердловск, Ульяновск облыстары, Пермь өлкесі, Башқұртстан, Марий Эл, Мордовия, Татарстан, Удмурт, Шуаш республикалары.

Қазақстан Республикасының Астрахань қаласындағы Консулдығы. Консулдық аймақ: Астрахань, Волгоград, Орынбор, Сарытау, Самара облыстары.

Қазақстан Республикасының Омбы қаласындағы Консулдығы. Консулдық аймақ: Томск, Новосибирск, Кемеров, Челябі, Түмен, Омск, Қорған облыстары, Алтай өлкесі, Алтай Республикасы, Ханты-Манси, Ямало-Ненецк автономиялық округтері.

Мемлекеттік органдар

Пайдалы сілтемелер