Жаңалықтар

Абай өлеңдерін оқу эстафетасына Татарстан Президенті қосылды

22.01.2020

Татарстан президенті Рустам Минниханов қазақ ақыны, ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған эстафетаға қатысты. Татар басшысы ақынның өлеңінен үзінді оқыған видеоны Instagram-дағы жеке парақшасында жариялады.

"Мен өз досым – Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Кенжетайұлы Ахметовтен эстафетаны қуана қабылдадым және оны Қазақстан Республикасында тұратын татар диаспорасына жолдаймын", – деді Минниханов.

Еске сала кетейік, 2020 жылы қазақтың ұлы ақыны, композитор және ағартушы Абайдың туғанына 175 жыл толады. Ол – қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы және тұңғыш классик.