Жаңалықтар

Қазақстан азаматының паспортын 10 күнде ресімдеуге болады

15.01.2020

Мәскеудегі Қазақстан Республикасы Елшілігінің Консулдық бөлімінен үлкен жаңалық: енді Қазақстан азаматының паспортын 10 күнде ресімдеуге болады!

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін оңтайландыру мақсатында ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитетімен бірлескен пилоттық жоба аясында Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің Консулдық бөлімінде Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжатын дайындау мерзімі 80 күннен 10 күнге дейін қысқартылды.

Егер төлқұжат дайындау негізі болса (тұрақты тұруға кету үшін рұқсат, күндізгі оқу, еңбек шарты), паспорт 10 күнтізбелік күн ішінде берілуі мүмкін. Құжаттарды тапсырғаннан кейін азамат құжаттардың дайындығын Елшілік жасап шығарған Telegram-бот арқылы бақылауға мүмкіндігі бар - https://t.me/Consularkz_bot

Сондай-ақ, сіз құжаттама ережелері туралы барлық ақпаратты біздің сайттан біле аласыз: kazembassy.ru немесе төмендегі сілтемені басып, құжаттарды қабылдау және оларды өндіріске жіберу ережелерімен таныса аласыз: https://kazembassy.ru/kaz/konsulstvo/novosti_konsulstvo/?cid=0&rid= 1716