Жаңалықтар

Ресей баспасы Абай шығармаларының жинағын басып шығарады

9.01.2020

Ресейдің "Художественная литература" баспасы Абай шығармаларының орыс тіліндегі жинағын дайындауға кірісті.

Баспаның бас редакторы, жазушы Георгий Пряхинның айтуынша, туынды екі кемеңгер Абай Құнанбайұлы мен Лев Толстой шығармаларының жинағы түрінде басылып шығуы мүмкін.

Георгий Пряхин, "Художественная литература" баспасының бас редакторы:

– "Абай және Толстой" томын басып шығарсақ, бұл Абайдың мерейтойы мен елдеріміздің мәдениетіне қосқан үлесіміз болады. Абайдың қара сөздері тек қазақтарға ғана қатысты емес. Олардың ресейліктер үшін де өнегелік маңызы зор. Абай әлемдік деңгейдегі тұлға екені сөзсіз.