Жаңалықтар

Павлодарлық команда "Автомобиль дөңгелектері өндірісі" жобасымен Ресейде үздік деп танылды

6.01.2020

"Спорт. Шығармашылық. Зияткерлік" ашық фестиваліне бірнеше мемлекеттің мектеп оқушылары, студенттер, балабақша тәрбиешілерінен 360-қа жуық команда қатысты.

Қатысушылар "Автомобиль дөңгелектері өндірісі" жұмысын ұсынды. Автоматизацияланған роботтардың көмегімен ескі қалдықтардан жаңа металл дискілер өндіріледі де, дискілерге шиналар кигізіледі. Автоматизацияланған роботтар күн мен жел арқылы электр энергиясын сынайтын өндірістік роботтардың көмегімен іске қосылады.

Фестиваль қорытындысы барысында әр санат бойынша бір ғана орын берілді. Павлодарлық команда Новосібір қаласының мэрия Департаментінің дипломымен марапатталды және келесі жылы фестивальға қатысуға шақыру алды. Оған қоса, жетекшілер алғыс хаттармен марапатталды.