Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

31.12.2019

Мемлекеттер басшылары екі ел арасындағы жан-жақты ынтымақтастық пен стратегиялық серіктестіктің қарқынды дамып келе жатқанын ерекше атап өтті. Сондай-ақ қалыптасқан сенімді байланыстар Қазақстан мен Ресейдің ортақ істе одан әрі жақындай түсуіне ықпал ететіні сөз болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді келесі жылы елімізге ресми сапармен келуге шақырды.

Мемлекеттер басшылары екіжақты және көпжақты форматтағы бірлескен жұмыстарды жалғастыра беруге уағдаласты. Сонымен қатар Президенттер бірін-бірі Жаңа жылмен құттықтады.