Жаңалықтар

Елшілігінің Жаңа жылмен құттықтау

31.12.2019

Сіздерді Ресей Федерациясындағы Қазақстанның Елшілігі жаңа 2020 жыл мерекесімен шын жүректен құттықтайды!

Жаңа жыл – қай халықтың да зор қуанышпен асыға күтетін мерейлі мерекесі. Жаңа жылда әр адамның өмірінде жаңа кезең басталады.

Олай болса, 2020 жыл еліміз үшін қарымды да қарышты, жоталы да табысты жыл болғай!

Дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ пен береке тілейміз!