Жаңалықтар

Мәскеуге құны 20 мың теңге болатын ұшақ билеттері сатылуда

11.11.2019

FlyArystan елордадан Мәскеуге қатынайтын әуе жолын ашты, деп компанияның баспасөз қызметі хабарлайды.

"Алғашқы отандық лоукостер өзінің бірінші халықаралық рейсі – Нұр-Сұлтан-Мәскеу-Нұр-Сұлтан бағыты бойынша билеттер сатылымын ашық деп жариялайды. Жайлы сапарлар Airbus A320 ұшақтарымен екі астанадан/ға 2019 жылдың 13 желтоқсанынан жүзеге асырыла бастайды. Қазақстанның бас қаласынан орындалатын сапарлар құны 19 999 теңгеден басталады және де бұл баға бүгінгі күнгі нарықтық бағадан 60% төмен. Ресейдің астанасынан саяхаттаймын деушілер, билеттерді әуежай алымдарымен қоса есептегенде 3333 рубльден бастап сатып ала алады", – делінген хабарламада.

Ұзақтығы 3 сағаттық күнделікті рейстер Н.Назарбаев айлағынан Жуковский халықаралық әуежайына орындалады.

180 орынды лайнерлер елордадан сағат 22:10 ұшып шығып, Мәскеуге сол күні сағат 22.40 қонатын болады. Кері қарай ұшақ 23:25 шарықтап, қазақстандық әуеайлаққа 05:35 келеді.