Қазақстан РеспубликасыныңРесей Федерациясындағы Елшілігі

«Бүгінде Қазақстан мен Ресей Федерациясының қарым-қатынасы өзгелерге үлгі етерліктей дәрежеде және біз әрі қарай да осы бағытта жылжитын боламыз»

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы

На главную [RUS]

Жаңалықтар

Қазақстан-Ресей демаркациялық комиссиясының бірлескен отырысы туралы

4.10.2019

2019 жылғы 30 қыркүйек – 4 қазан аралығында Белокуриха қаласында (Алтай өлкесі, Ресей Федерациясы) Қазақстан-Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясының тоқсан сегізінші отырысы өтті.

Тараптар демаркацияның қорытынды құжаттарының жобаларын дайындау және бекіту жөніндегі жұмысты жалғастырды, сондай-ақ жетуі қиын учаскелерде мемлекеттік шекара сызығын белгілеуге байланысты кешеніді мәселелер бойынша шешім қабылдады.

Келіссөздер Қазақстан және Ресей қарым-қатынастарына сай дәстүрлі достық және конструктивті атмосферада өтті.

Комиссияның келесі отырысы 2019 жылдың қазан-қараша айларында Қазақстан Республикасының аумағында өтеді.

Мемлекеттік органдар

Пайдалы сілтемелер