Қазақстан РеспубликасыныңРесей Федерациясындағы Елшілігі

«Бүгінде Қазақстан мен Ресей Федерациясының қарым-қатынасы өзгелерге үлгі етерліктей дәрежеде және біз әрі қарай да осы бағытта жылжитын боламыз»

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы

На главную [RUS]

Жаңалықтар

«Қазақстан күн энергетика қауымдастығы» ЗТБ және «Күн энергетика кәсіпорындарының қауымдастығы» БC арасында бірлескен қызмет туралы Келісімге қол қойылды

27.09.2019

«Қазақстан күн энергетика қауымдастығы» ЗТБ және «Күн энергетика кәсіпорындарының қауымдастығы» БC арасында бірлескен қызмет туралы Келісімге қол қойылды. 2019 жылғы 26 қыркүйекте, Kazakhstan Energy Week-2019 сонымен бірге, XII KAZENERGY Еуразиялық форумы аясында «Энергия көздерінің болашағы: инновациялық даму» тақырыбында «Қазақстан күн энергетика қауымдастығы» ЗТБ (Қазақстан Республикасы) және «Күн энергетика кәсіпорындарының қауымдастығы» БC (Ресей Федерациясы) арасында бірлескен қызмет туралы Келісімге (бұдан әрі - Келісім) қол қойылды.

Қазақстан тарапынан Келісімге «Қазақстан күн энергетика қауымдастығы» ЗТБ-нің Директорлар Кеңесінің Төрағасы Капенов Нурлан Нургалиевич, ал Ресей тарапынан «Күн энергетика кәсіпорындарының қауымдастығы» БС-нің Қадағалау Кеңесінің Төрағасы - Шахрай Игорь Степанович қол қойды. Қол қою рәсімі ОПЕК-тің Бас хатшысы Мохамед Баркиндо мен Халықаралық Энергетикалық Хартияның Бас хатшысы Урбан Руснак, Қазақстан Республикасының Энергетика Министрі Бозумбаев Қанат Алдабергенұлы қатысқан баспасөз конференциясы аясында өтті.

Келісімнің мәні «Қазақстан күн энергетика қауымдастығы» ЗТБ мен «Күн энергетика кәсіпорындарының қауымдастығы» БС-нің арасында өзара мүдделілік ұсынатын әрекеттерді жүзеге асыру болып табылады: мемлекеттік, коммерциялық ұйымдар, сараптамалық қоғамдастықтар және қалың жұртшылық арасында күн энергетикасын танымал ету бойынша бірлескен іс-шараларды құру, заңнамалық база мен техникалық стандарттарды жетілдіру, сондай-ақ күн энергетика саласын дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау және білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру.

«Қазақстан күн энергетика қауымдастығы» ЗТБ-тің Атқарушы директоры Тимур Шалабаевтың айтуынша, Келісім екі елдің кәсіпкерлері мен сарапшыларының қауымдастығы арасында күн энергетика саласындағы ынтымақтастықты дамытуға серпін береді: «Қазақстан мен Ресей сияқты дәстүрлі энергетикасы дамыған елдер үшін күн және баламалы энергетикасын дамыту үшін күш біріктіру жалпы өте маңызды. Бұл әсіресе үлкен аумақты, бір-бірінен алыс қашықтықта орналысқан елді мекендері бар, жекелеген аймақтарында электр қуатының жетіспеушілігі сезілетін біздің елдеріміз үшін өзекті болып келеді. Ал егер жаңартылатын энергия саласындағы саясат мәселелері көп жағдайда мемлекеттік органдардың құзыретіне жататын болса, онда бизнестің өзі жобаларды жүзеге асыруға тікелей қатысады. Сондықтан екі бизнес қауымдастықтың ынтымақтастығы - бұл біздің елдеріміздің күн энергетика саласын дамытуға қосқан үлесі.
Қазақстан Республикасы Энергетика Министрлігінің 2019 жылдың.

1 жартыжылдығындағы ақпараты бойынша ЖЭК (бұдан әрі - жаңартылатын энергия көздері) объектілерінің қондырғыларының электр энергиясының белгіленген қуаты 733,54 МВт құрады, оның 299,77 МВт немесе 41% күн электр станциялары. Сонымен қатар, ЖЭК объектілері өндірілетін электр энергиясы 922,95 млн кВт / сағ құрады, күн электр энергиясының үлесі 24,5%. Электр энергиясын өндірудің жалпы көлемінде ЖЭК электр энергия өндірілетін үлесі 1,77% құрады. 2019 жылдың 1-ші жартыжылдығында 2018 жылдың 1-ші жартыжылдығымен салыстырғанда жаңартылатын энергия көздері объектілерімен электр энергиясын өндірудің өсуі 31,7% құрады.

Анықтама

«Қазақстан күн энергиясы қауымдастығы» заңды тұлғалар қауымдастығы (бұдан әрі - «SPAQ») 2018 жылы күн энергетика саласындағы инвесторлардың, дамытушылардың, жабдық өндірушілерінің, халықаралық қаржы институттарының, ғылыми-зерттеу және жобалау институттарының қауымдастығы ретінде құрылды. SPAQ Solar Fest Qazaqstan атты елдің жаңартылатын энергия көздерін дамыту бойынша сұхбат аланының негізін қалаушы. SPAQ - Қазақстан Республикасы Энергетика Министрлігінде аккредиттелген қауымдастық.

«Күн энергетика кәсіпорындарының қауымдастығы» Бейкоммерциялық серіктестігі Ресей Федерациясының Әділет министрлігінде 2011 жылдың қазан айында тіркелген. Бұл салалық қауымдастықтың қызметі Ресейде инновациялық индустрияны - күн энергиясын жан-жақты дамытуға және ресейлік жоғары технологиялық өнімдердің сыртқы нарыққа шығуы үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Мемлекеттік органдар

Пайдалы сілтемелер