Жаңалықтар

ВДНХ-дағы "Қазақстан" павильоны Мәскеудегі Қала күні мерекесін қарсы алуда

7.09.2019

Бүгін, ВДНХ-да орналасқан "Қазақстан" павильоны жанында Ресей астанасының Қала күніне арналған салтанатты шаралар басталды. Мәскеу тұрғындары және қонақтары бұл жиында қазақстандық сахна шеберлерінің өнерін тамашалай алды.  

Фотогалерея

Кеш басында сөз алған ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, екі халық арасында көп ғасырдан бері үзілмей келе жатқан ортақ тарих, эконмикалық байланыс және мәдени-рухани байланыс бар екенін айтты. "Осы күндері Ресейде өтіп жатқан Қазақстан Мәдениет күндері екі ел арасын одан әрі жақындатып, байланысымызды нығайта түсетініне сенімдімін", – деді концерт ашылуында министр.

Өз кезегінде Ресей Федерациясының Мәдениет министрінің орныбасары Павел Степанов Мәскеу тұрғындары осындай шаралар арқасында Қазақстан мәдениетімен етене жақын екеніне назар аударды. "Әрі тарихымыз, әрі шекарамыз бір болған Қазақстан елінің Мәдениет күндері ерекше әсер қалдыратынына сенімдіміз. Бұл әдемі шаралар есте қалып, біздің астанамыздың тұрғынарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды деп ойлаймыз", – деді Степанов.

Әрмен қарай сахна төрін әртістер иеленді. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұркен Аширов және дарынды домбырашы, халықаралық байқаулардың лауреаты Абылай Тілепбергенов "Астана сазы" этно-фольклорлық ансамблімен бірігіп сүйікті қазақ және орыс әуендерінен құралған попурри орындады. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік "Астана Опера" опера және балет театрының солисі Нұрлан Бекмухамбетов танымал "Дударай" әнін шырқады. Орыс қызы Мариям мен Дударай атты ер жігіттің арасындағы сезімді жырлайтын бұл ән, екі бауырлас елдің арасындағы мәдени байланыс символына айналғандай. Осыған қоса, әртістердің орындауында тамаша орыс халық әні "Живет моя отрада" орындалды.  

Келесі "Соловьи Великой Степи" атты композицияны Қазақстан және Ресей елдеріне кең танылған опералық әнші Салтанат Ахметова және Айзада Капонова мен Анастасия Кожухарова триосы шырқады. Концерттік бағдарламаны "Астана Опера" балет труппасы жалғастырды. Олар Ахмет Жұбановтың "Абай" операсының үзіндісі "Қарлығаш" атты композицияны көрермендерге паш етті.

Бұл күні, Мәскеулік көрермендер классикалық өнермен қатар Қазақстанның заманауи эстрада орындаушыларын да тындай алды. Украиналық "Голос. Діти" жобасының жеңімпазы Данелия Тулешова француз тіліндегі "Jevoux" атты әндерін жиналған қауымға тарту етті. Байғали Серкебаевтің продюсерлік жобасы "The Jigits" тобы қазақ және орыс тілінде түрлі әндер орындады. Арасында Батырхан Шукенов репертуарындағы барлығына таныс және сүйікті "Солдат любви" мен "Күндер-ай" әндері болды, олар жаңа буын орындауында өзінің бүгінгі ырғағын тапты. 

Тағы да бір керемет орындаушы – Динайя, мәскеулік өнер сүйер қауымға өз дарынын "The Jigits" тобымен бірге дуэт құрып, "Дорогие мои москвичи" атты әнімен мойындатты. Халықаралық конкурстардың лауреаттары "ElDivas" тобы үш ән орындады, олар: "Менің Қазақстаным", "Ақ Ордам" және "Голос".

Шара соңында, концерттің барлық қатысушылары бірлесіп, әйгілі "Песня остается с человеком" атты әуенін орындады.