Қазақстан РеспубликасыныңРесей Федерациясындағы Елшілігі

«Бүгінде Қазақстан мен Ресей Федерациясының қарым-қатынасы өзгелерге үлгі етерліктей дәрежеде және біз әрі қарай да осы бағытта жылжитын боламыз»

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы

На главную [RUS]

Жаңалықтар

Ресей саясаттанушысы Президент жолдауы туралы пікір білдірді

2.09.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылға дейін мемлекеттік және ұлттық компаниялар қызметкерлері санын 25 пайызға қысқартуды тапсырды.

Ресей саясаттанушы Дмитрий Журавлевтің пікірінше, бұл шара шенеуніктерді ынталандыру тетіктерін жетілдіреді. Сөйтіп мемлекеттік аппарат жұмысының тиімділігі артады. Айта кетер жайт, Ресейде мемлекеттік қызметкерлерді қысқартудың кезекті үрдісі басталып кетті.

Қаржы министрлігінің мәлімдеуінше, келесі жылда орталық аппарат 5 процент, ал жергілікті орган қызметкерлері 10 процентке азаюы тиіс. Ал 2021 жылы тағы 10 процентке қысқарады. Мамандар мұның басты себебін цифрландыру мен электрондық құжат айналымының қарқынды дамуымен байланыстырады.

Дмитрий Журавлев, аймақтық мәселелер институтының бас директоры:

– Бұл шаралар тек мемлекеттік аппаратты қысқартуды ғана көздеп отырған жоқ. Осының арқасында жұмыста қалатын мамандардың тұрмыс деңгейін көтеруге мүмкіндік туындайды. Бұл ретте іріктеу жүйесінің маңызы зор. Егер шынымен үздіктері таңдалса, жұмыс сапасы артып, халықты жоғары деңгейде мемлекеттік қызметтермен қамтуға болады.

Мемлекеттік органдар

Пайдалы сілтемелер