Жаңалықтар

Қазақстан мен Ресей теміржолшылары контейнерлік тасымалды талқылады

21.08.2019

Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетов бастаған «ҚТЖ» ҰК» АҚ делегациясы Оңтүстік-Орал темір жолына (ООТЖ, РФ) сапарлап барды.

Қазақстан мен Ресей теміржолшылары аталған кездесуде Батыс Қытай – Еуропа бағытындағы транзитті контейнерлік тасымалы көлемін арттыру перспективаларын талқылады. Кездесуде контейнерлік тасымал көлемінің артуы жағдайында Қарталы түйіспесі бойынша жүк пойыздары қозғалысы ауқымының кеңеюінен 2018 жылға қарай төрт жұпқа артты және тәулігіне орташа 17 жұпты құрады.

Сондай-ақ кездесу кезінде әріптестер тәжірибе алмасты және бірқатар мәселелерді қарады: заманауи техникаларды пайдалану арқылы жолдарды жөндеу мен ұстап тұру, локомотив паркінің жағдайы, тасымалдарды басқару және өзге де мәселелер.

Бұған дейінгі кездесулердің нәтижелері де талқы тезінен өтті. Контейнерлік пойыздардың Илецкі-1 (ҚР) бастап Кинеляға дейін техникалық қауіпсіз қатынауына кепілдік орнатылса, бұл Орынбор станциясында техникалық тұру уақытын 90-нан 60 минутқа дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар бірлескен күш-жігердің арқасында Қарталы мемлекетаралық өткізіп беру станциясында контейнерлік пойыздарды өндеу 300-ден 150 минутқа дейін қысқарды. Үлкен көлемдегі басқару шешімдері жедел жұмыс саласында да қабылданды. Осылайша, ООТЖ контейнерлік пойыздар қозғалысының бағыттық жылдамдығын арттыру үшін локомотив бригадаларының жұмыс учаскелері арттырылды.

Жеделдетілген режимде құрамдар қозғалысының кестесі әзірленді. Жүзеге асырылған іс-шаралар Илецк – Кинель учаскесінде тәулігіне 1230 километрге дейін, ал Қарталы – Кинель учаскесінде – тәулігіне 1410 километрге дейін қолданыстағы нормативтік кестедегі орташа бағыттық жылдамдық кестесін арттыруға мүмкіндік берді.

"Пойыздар нақты кесте бойынша жүретін болса, онда бұл тасымал тиімділігінде көрініс табады. Біз бұл Қытай – Қазақстан – Ресей – Беларусь – Еуропа үлкен бағыты тұрақты дамуына бізге қатыстының барлығын жасаймыз", деп атап көрсетті Қ.Әлмағамбетов.