Жаңалықтар

Қазақстан мен Ресей медицина саласында тәжірибе алмасады

19.08.2019

19 тамызда Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Қамалжан Надыровтың төрағалығымен Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің, Денсаулық сақтау саласындағы қадағалау жөніндегі федералдық қызметтің және "Ұлттық сапа институты" ФМБМ делегациясымен кездесу өтті.

Ресей әріптестеріне қызмет көрсету сапасын арттыру саласындағы Қазақстанның тәжірибесін ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары Лаура Ахметниязова және ҚР ДСМ ДСДРО Бас директоры Айнұр Айыпханова таныстырды.

ДСДРО базасында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің реформалары, Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы денсаулық сақтау саласындағы жобалары және медициналық ұйымдарды аккредиттеу жүйесі туралы баяндамалар ұсынылды.

"Ұлттық сапа институты" ФМБМ мен ДСДРО арасында ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы үш жылдық меморандумға қол қойылды, соның арқасында елдер медициналық қызметтердің сапасын және пациенттердің қауіпсіздігін басқарудың тиімді жүйесін енгізу мәселелерінде өзара тәжірибемен алмасатын болады.

"2009 жылы медициналық ұйымдарды аккредиттеу ұлттық жүйесі еңгізіліп жұмыс істейді. Ресейлік әріптестер медициналық қызметтердің сапасын және пациенттің қауіпсіздігін арттыру мақсатында Ресей Федерациясына ұқсас жүйені еңгізу үшін осы саладағы Қазақстанның тәжірибесін зерттеуге арнайы келіп отыр", – деп Айнұр Айыпханова атап өтті.

Үш күндік сапар аясында делегация ұлттық аккредитациядан, сондай-ақ JCI халықаралық аккредитациядан өткен Нұр-сұлтан қаласының жетекші медициналық ұйымдарына (Ұлттық нейрохирургия орталығы, ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы, Балалық шақтың ана Ұлттық ғылыми орталығы, Республикалық диагностикалық орталық) барады. Сондай-ақ ресейлік әріптестер Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының Ахуалдық орталығымен және медициналық ұйымдарымен танысады.

Қазақстандық және ресейлік медициналық ұйымдарының медициналық қызметтердің сапасын арттыру саласындағы белсенді ынтымақтастығы 2018 жылдан бастап келе жатыр, ал орыс тілінде еркін қол жетімділікте бар ДСДРО материалдары Ресей Федерациясының аумағындағы өңірлік конференцияларға ДСДРО қатысуының арқасында Түмен, Краснояр облыстарының медициналық ұйымдары арасында танымал және еңгізілуде.