Жаңалықтар

V Армиялық халықаралық ойындар қорытындысы бойынша Қазақстан ҚК құрамасы үшінші орынды еншіледі

19.08.2019

Мəскеу облысының Алабино полигонындағы "Патриот" саябағында бесінші Армиялық халықаралық ойындарының салтанатты жабылу рəсімі мен жалпы командалық есептегі жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рəсімі өтті. Сайыс қорытындысы бойынша Қазақстан ҚК құрамасы үшінші орынды еншіледі.

АрХО жабылу рəсіміне əскери ведомство басшысы Н.Ермекбаев қатысты. Ол шетелдік əріптестерімен кездесті жəне əскери ынтымақтастық мəселелерін талқылап, қазақстандық танкішілердің атынан Қазақстан ҚК құрамасын АрХО-да жоғары деңгейде өнер көрсетулерімен құттықтады.

Ұйымдастырушылар, сарапшылар жəне қатысушылар мерейтойлық ойынды ауқымды деп мойындады. Биылғы жылы далалық, теңіз жəне əуе машығынан өткен 32 байқауда 39 елден 223 команда бақ сынасты. Бұл рекордтық көрсеткіш. Одан басқа, байқаулар бір уақытта 10 елдің 21 полигонында, Каспий жəне Балтық теңіздерінің су айдындарында жəне Парсы шығанағында өтті.

Армиялық ойындардың үш байқауы Қазақстанда өтті. Əскери сайыстың жанкүйерлері мен барлық ниет білдіргендер байқаулардың барысын, жабылу, марапаттау жəне ашылу рəсімдерін шынайы уақыт режимінде бақылап отырды. Онлайн трансляция бірден бірнеше интернет алаңшаларда, сондай-ақ қазақстандық спорт телернасының эфирінде өтті. Екі апта бойы армиялық ойындар алаңында көрермендер қызу тартысты, əскери кəсіпқойлардың халықаралық деңгейде үздік деп атанулары үшін сайысқа түскендерін тамашалады.

Қазақстан құрамасы бірінші кезеңнен-ақ барлық конкурстарда көшбасшылар үштігінен көрініп, сол позицияны шешуші кезеңге дейін ұстап тұрды. Бұл ретте жеке есепте əскери қызметшілеріміз бірнеше рет үздік нəтижелер көрсетті. Сонымен, қазақстандық Су-25 экипажы "шабуылдау авиациясы" номинациясында бірінші орынды иеленді. Əскери дəрігерлер жеке шеберлікте үздік нəтижелер, сондай-ақ "Əскери-медициналық эстафета" байқауы аясында шұғыл реанимацияда жоғары кəсібиліктерін көрсетті.

"Чемпиондар жарысында" əскери полиция кинологы озінің қызметтік итімен "Адал дос" байқауының ең рейтингтік командалар арасында бірінші орынды иеленді." Артеллериялық оқ ату шеберлері" байқауында жеке есепте Қазақстандық команда үздік минаатқыш есептоп және үздік гранатаатқыш атағын жеңіп алды.

Əскери байланысшылар арасында "сенімді қабылдау да" əскери қызметшілерімізді төрешілер алқасы есту және радиобағдарлау айла-тəсілінде үздік деп таныды. "Далалық ас ұй" азық-түлік қызметтерінің байқауында аспазшыларымыз ұлттық тағамдар əзірлеуде таңдай қақтырды. Одан басқа, үздік дене дайындығын көрсетіп, қатысушы елдер арасында бірінші орынды еншіледі. Армиялық ойындардың "Аравт" жаңа ат марафоны байқауында Қазақстанның таулы-егерлік полкі Моңғолияның командасынан жеңіліс тауып, кедергілері бар 130 км қашықтықтағы эстафетада жылдамдық пен шеберлікті паш етті. Атыс қаруын жөндеу де əскери қызметшілеріміз көшбасшылар қатарында. Қазақстанның командасы "Қару шебері" байқауында үшінші орынды қанжығасына байлады.

"Танк биатлоны " ең көзтартар байқауының шешуші кезеңін Қазақстандық команда Ресейлік тарап ұсынған танктерде үшінші болып жүлдегерлер үштігіне ілігіп, ойынды аяқтады. АрХО-2018 танк сайысында Қазақстандық танкішілер Ресей,Қытай және Беларусь командаларынан жеңіліп, құрметті төртінші орынға ие болғанын айта кеткен жөн.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстандық команданы Армиялық халықаралық ойындардың ұйымдастырушылары байқауға қатысу саны бойынша ең қөрнекі деп мойындады. Төрешілер алқасының мүшелері ойын барысын бақылап, Қазақстан əскери қызметшілерінің жоғары дайындық деңгейлерін, қəсіпқойлықтары мен жауынгерлік машықтарын атап өтті.